Жаңа пилоттық жоба аясында татуластыру рәсімдерін дамыту

12-01-2018

Жаңа пилоттық жоба аясында татуластыру рәсімдерін дамыту

2018 жылдың 12 қаңтарында Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында жаңа пилоттық жоба аясында татуластыру рәсімдерін дамыту тақырыбында Шығыс – Қазақстан облысының азаматтық сот алқасының төрағаларының қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті. Отырыс барысында Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық  істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдіғалиев Дамир Әбдіғалиұлы қазіргі таңда соттарда істі қарау барысында тараптарды «Медиация туралы» Заңды қолдану арқылы татуластыру институтының өзектілігі артып келеді. Статистикалық мәліметтерге қарағанда республика соттарында дауласушы тараптарды медиация тәртібімен татуластыру арқылы аяқталған істердің артқаны байқалады, ал тәжірибеде осы дауларды соттарға жүгінбей-ақ шешуге болатындығын көруге болады, - деді. Кездесу барысында сындарлы пікір алмасу болып, үйлестіруші судьялар қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.