Референдум - халық таңдауы

16-05-2022

Референдум - халық таңдауы

"Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында" алда болатын  референдум жайлы  этно мәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге Парламент сенатының депутаты Булавкина Ольга Александровна қатысты. 

Шара қатысушылары референдумға байланысты өздерін толғандырған сұрақтарды  қоя алды. Референдумның маңыздылығы жайында ақпараттар кеңінен таныстырылып, баяндалды. 

"Жаңа Қазақстан үшін бірліктің бастауы болған дала демократиясын жаңғырту, билік пен халықты біріктіретін республикалық референдум маңызды шешім деп санаймын. Таңдауды халық жасайды. Бұл еліміздің егемендігі мен жеріміздің тұтастығын нығайта түсері анық", - дейді кездесуге қатысушы.