2015 жылдың 4 ақпанында Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылу салтанатына орайластырылған «Кері санау» акциясы аясында Республика Достық үйлерінің оnline-құттықтауы өтті. Аталған шараға Шемонаиха, Семей, Зырян, Бескарағай қалаларының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысып, ЭМБ жастары өздерінің белсенділіктерін көрсете түсті. Іс-шара қатысушылары құттықтау сөздерімен алмасып, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын атап өту жастарға отансүйгіштік қасиетін баули отырып патриоттық тәрбие беруді жетілдіріп, бір шаңырақ астындағы этностар арасындағы ұлтаралық бірлік, достық пен тұрақтылықты нығайта түсетіндігін атап өтті.
Аталған іс-шара 28 қаңтарда басталып, 6 ақпанда бүкіл Республикада бір мезетте өтетін «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының бастауы» акциясымен аяқталатын «Кері санау» ауқымды іс-шаралар кешенінің бірі
болып табылады.
