2015 жылғы республикалық «Асар» акциясы Республиканың мыңдай үйлерін қамтып шықты. Акцияның басты мақсаты Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және аз қамтылған соғыс мүгедектеріне көмек көрсету болып табылады.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай арналған бұл акцияның соңында «Ынтымақ-Содружество» жастар қанатының еріктілері, Достық үйінің этномәдени бірлестіктерінің белсенділері БАҚ өкілдерімен біріге отырып, 4 қыркүйек күні Қазақстан халқы Ассамблеясы Қорынан келіп түскен танометрлерді Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне таратты. Акция шеңберінде еріктілер барлығы 20 Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қамти отырып, оларды атаулы мерекелерімен құттықтады. Ардагерлер қонақтарды қонақжай түрде қарсы алып, қамқорлықтары үшін өз алғыстарын білдірді.