05-08-2021
Медиация қазақстандықтардың санасында ұлы құндылықтарды - бірлік, тұрақтылық, толеранттылық, патриотизмді нығайтады. Медиация - біздің көпұлтты халқымыздың татулығы мен келісімін сақтаушысы. Аталған саланың идеялық мазмұны этносаралық қатынастар мен жалпыұлттық бірлік саласында бейбітшілік пен келісімді сақтауға бағытталған.
Жыл сайын 5 тамызда ҚХА аясында «Бірыңғай республикалық Медиация күні» республикалық акциясын жаппай өткізу дәстүрге айналды.
Бірыңғай республикалық Медиация күнін мерекелеу аясында ZOOM платформасында «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында» бірыңғай республикалық Медиация күніне арналған «Медиация саласындағы 10 жылдағы жетістіктер» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараға кәсіби медиаторлар, Өскемен қаласының Медиация орталықтарының басшылары, сондай-ақ қалалық және аудандық Достық үйлері қатысты. Жиналғандар басқа қалалар мен аудандардағы әріптестерімен сөйлесіп, маңызды тақырыптарды талқылады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар қоғамдағы әлеуметтік және рухани тұрақтылықтың негізі ретінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету бойынша медиацияны дамытуға жәрдемдесу мәселелерін талқылады.
Сөз сөйлеген спикерлер медиацияның қоғамдық өмір саласындағы дамуы туралы айтты. «Еңбек және этносаралық қатынастардағы Медиация. Медиация арқылы шешілетін еңбек жанжалдарының санаттары», «Мектеп қабырғасындағы Медиация. Кәмелетке толмағандармен жанжалдарды шешудегі қиындықтар мен кедергілер», «Медиация арқылы жанжалдарды шешу жолдары».
Дөңгелек үстел барысында ШҚО медиаторларының жұмысын жақсартуға көмектесетін ұсыныстар айтылды. Осылайша, қашықтан қосылу арқылы ұйымдастырылған іс-шара жылы құттықтаулармен және тілектермен аяқталды. Мұндай кездесулер медиация институтының қызметін дәріптеуге және дамытуға ықпал етеді деген үміттенеміз. Барлық медиаторларды кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға мықты денсаулық, табыс, шығармашылық жетістіктер тілейміз. Біздің ортақ үйіміз Қазақстан Республикасында әрқашан бейбітшілік, жақсылық және бірлік салтанат құрсын!