22-11-2024
Достық үйінде ШҚО ҚХА Аналар кеңесі «Ретро әндер қазақша» атты Леонардтың жеке концертін ұйымдастырды.
Шара Аналар кеңесінің «Мәдениетті ана, мәдениетті ұлт» жобасы аясында өтіп, қазақ ретро әндерін насихаттауға бағытталды. Леонардтың қазақ әндерін шебер орындауы көрермендерді тәнті етті.
Концерт қазақ мәдениетін дәріптеудің маңызды қадамы болды. Көрермендер мерекелік шараны ұйымдастырғандарға және қолдау көрсеткендерге алғыс білдірді.