«Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы» - атты Ұлт жоспарын орындау мақсатында, 2015 жылғы 22 маусым күні ШҚО ҚХА ғылыми-зерттеу тобының мүшелері мен өкілдерінің, Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен Риддер қаласында «Ұлт бірлігі – тұрақтылық негізі» - атты көшпелі семинар-тренингі өтті.
Дөңгелек үстел аясындағы «Мәңгілік ел: бір ел – бір тағдыр» көшпелі семинар-тренингті кездесу модераторы, ШҚО ҚХА хатшылығының жетекшісі Е.М.Аязбаев ашты. Кездесу барысында семинарға қатысушылар ұсынған баянадамалар негізінде шұғыл міндеттер және Достық үйлерінің бүгінгі таңдағы қызметтерінің негізгі сәттері қарастырылды.
Іс-шара бағдарламасын қалалық Мәдениет үйіндегі мерекелік концерт жалғастырды. Қала тұрғындары қатысушылар мен қонақтарды құшақ жая қарсы алды. Сонымен қатар сахнада өз өнерлерін этномәдени бірлестік қатысушылары да көрсетті. Шығармашылық топтар көрмермендерді қызықты концерттік нөмірлерімен қуантты. Мәдениет үйі фойесінде Шығыс Қазақстандық түрлі этнос өкілдерінің сәндік-қолданбалы өнер көрмесі қойылды. Жиналған қауым алдында құттықтау сөздерімен Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы директорының орынбасары О.Б.Доценко мен Риддер қаласындағы Достық үйінің директоры А.В.Мосина сахнаға шықты.
Салтанатты шара барысында, естелік сыйлықтар берілді.