Ризамын, елім саған

02-03-2018

Ризамын, елім саған

Алғыс айту күніне орай Достық үйі – қоғамдық келісім оратлығында Шығыс Қазақстан облысы әкімі орынбасары Н.Ә. Бекқызы және Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестіктердің өкілдерінің қатысумен мерекелік концерт өтті.  Мерекелік концерт барысында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Н.Ә. Бекқызы шараға қатысушыларды «Алғыс айту күні» мерекесімен құттықтап, өңіріміздегі келісім мен ұлтаралық ынтымақтың нығайуына үлес қосқан бір қатар этномәдени бірлестік мүшелері мен аудандық достық үйлерінің директорларын арнайы алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар, шара барысында көрермендер Достық үйі этномәдени бірлестіктері мен шығармашылық ұжымдарының түрлі би ансамбльдері мен әншілері өнер көрсетті. Сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің өкілдері сол бір қиын-қыстау кезеңде қонақжайлылық пен кеңпейілділік танытқан қазақ халқына деген шексіз алғыстарын жеткізді.