Ассамблея жылы аясында Ахмер ауылындағы «Балалар ауылы» КММ-де «Ризашылық күні» болып өтті. Бұл шараға Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының этномәдени және қоғамдық бірлестіктерінің белсенділері қатысты. Сонымен қатар балаларды қолдау мақсатында мемлекеттік мекемелердің басшылары, облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері және өз қамқорлығына алған балаларды қолдау мақсатында патронат ата-аналары келіп қатысты.
Балалар ауылының тәрбиеленушілерінің қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылып, жыл көлемінде өнерде, білімде, спортта жетістіктерге жеткен өрендерге марапат қағаздарымен сыйлықтар табыс етілді.