«Рош ха-Шана» 2018

17-09-2018

«Рош ха-Шана» 2018

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегі күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Еврей этномәдени бірлестігінің «Рош а Шана» мерекелеу дәстүрі бойынша семинар өтті. Шараға Еврей этномәдени бірлестіктерінің мүшелері қатысты. Еврей тілінде Шана – жыл, Рош – басы деген мағынаны білдіреді, еврей күнтізбесі (тишри) бойынша екі күн қатарынан күз айында тойланатын Еврей халқының жаңа жылы. Рош а Шананың алғашқы күні бір-бірін құттықтау әдетке айналған. Мерекелік дастарқан жайып келер жыл тәтті болсын деген ырыммен нанға бал жағып жеген, сондай-ақ, бал мен алма жейтін де салт бар. Отырыс барысында жылдың басталуымен құттықтап, бір-біріне жақсы тілектер айтылып, келер жыл тәтті болсын деген ырыммен келген қонақтарға бал таратылып, түрлі ойындар ойнатылды.