«Рождество әр үйде, Рождество бізде»

09-01-2018

«Рождество әр үйде, Рождество бізде»

Ағымдағы жылдың 7 қаңтар күні Рождество мерекесін атап өту Бесқарағай ауданында Свято-Троицкий Приходындағы аудандық орталығындағы  Воскресенский соборының попы Евгения әкейдің Рождестволық қызметінен басталып,   барлық келушілерді аудандық Достық үйінің директоры, аудандық мәслихаттың депутаты М. Р. Абылгазинова мерекемен құттықтады. Мерекелік қызметтен кейін Рождествоны мерекелеу "Мир" кафесінде жалғасты, рождестволық тағамдармен үстелдер жайылып, мерекелік бағдарлама әзірленді. Жастар этномәдени бірлестігі "ДосStar" , рождестволық   "Тихая ночь, дивная ночь"әнін орындады. Сондай- ақ, шарада ауданның ауылдық округтердің өкілдері өздерінің дайындаған құттауларымен, шығармашылық нөмірлерімен  белсенділік көрсетті. «Воскресение» славян этномәдени бірлестігі Н.Гогольдың «Вечера на хуторе близ Диканьки» шығармасының желісінде әзілді қойылым көрсетті. Дәстүр бойынша Рождествомен құттықтауға "Асыл Әжелер" қазақ вокалдық тобы және  неміс этномәдени бірлестігінің мүшелеріде келді. Мереке Бесқарағай ауданында тұратын ұлтттардың бірлігі мен достығының айқын белгісі болды.