«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы  Ардагерлер кеңесінің рөлі

13-11-2017

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы Ардагерлер кеңесінің рөлі

Ағымдағы жылдың 13 қарашасы күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы  Н.Л Краснабаеваның  қатысуымен облыстық  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы Ардагерлер кеңесінің рөлі - тақырыбында кеңейтілген отырыс өтті.  Шара барысында сөз алған Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы  Н.Л Краснабаева:  ««Рухани жаңғыру» бағдарламасы біздің болашаққа деген бағдарымызды айқындайтын құнды бағдарламалық жоба, оны жүзеге асыруда рухани құндылықтарымызды жаңғыртуда Ардагерлер кеңесіне жүктелер міндетте ауқымды болмақ» - деді. Сонымен қатар облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы  А. С. Шерубаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысында Ардагерлер кеңесінің атқарып жатқан жұмыстарына тоқтала отырып, алдағы атқарылар жұмыс жоспарымен таныстырды. Отырыс барысында сөз алған С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекетік университетінің филология ғылымдарының кандидаты, кафедра доценті С.Қ Оразалин латын графикасына көшу заман талабы екендігін, Елбасының бұл шешімін қолдайтындығын жеткізді. Отырыс қатысушыларымен өзгеде латын графикасына байланысты өткен жиындарда айтылған, ғалымдардың пікірлерімен бөлісті. Жалпы отырысқа облыстық, қалалық  және  аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары мен мүшелері қатысты.