«Белая сова» қолөнер шеберлері

10-02-2019

«Белая сова» қолөнер шеберлері

Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының фойесінде «Белая сова» қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтті.  Жәрмеңке барысында қолөнершілерден бір зат сатып алу арқылы қатысуға болатын лотереяның бірнеше кезеңі өтті. Сатып алған кезде әр адамға лотерея билеті берілді, ал әрбір сағат сайын сыйлықтар ойналды.  Гардеробтың жанында оқушылар мен балаларға арналған сурет салу мен қолөнер шеберханалары ұйымдастырылды. Кіре берісте «Алиса в стране чудес» атты белгілі тақырыбына фото аймақ орналасты. Сондай-ақ, барлық қатусышыларға, қуыршақтарды жасау үшін тегін мастер-класс өткізілді. Жәрмеңкенің қонақтары үшін «Арабеск» хореографиялық ансамбілі өнер көрсетті. Келесі жәрмеңке 3 және 10 наурыз күндері сағат 10: 00-ден 17: 00-ге дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Достық үйі- Қоғамдық келісім орталығында» өтеді. Қонақтарға қолөнер бұйымдарының қолжетімді бағалары мен балаларға арналған тегін мастер-класстар ұйымдастырылады. Кіру әрдайым тегін.