ШҚО ішкі саясат Басқармасының басшысы  Н. Краснобаева Достық үйінде қонақта

05-03-2018

ШҚО ішкі саясат Басқармасының басшысы Н. Краснобаева Достық үйінде қонақта

2018 жылы 2 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, ішкі саясат Басқармасының басшысы Краснобаева Н.Л., ШҚО ішкі саясат басқармасының жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы Балтабеков Е. С., ШҚО жастар ресурстық орталығының директоры Есимбекова А. К. жұмыс сапарымен Бесқарағай ауданына келді.

Облыс өкілдері жұмыс сапарының бағдарламасы бойынша, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Жастар ресурстық орталығының  жұмысымен танысып, Ү-Владимировка орта мектебінің жас мұғалімдермен "Мәңгілік Ел" атты кабинетінде кездесу өткізілді. Бірақ, қонақтардың сөзіне сенсек, іс-шара барысында ең жағымды және маңыздысы Достық үйімен  таныстыру болды. Достық үйінің белсенді ардагерлерінің мейірімді, жағымды әңгімелесуі, экскурсия, мұражай кабинеттермен танысу, қызықты экспонаттарды көрсетуі, этномәдени бірлестіктердің қызметі туралы фото – слайдтар- Достық үйінің жұмысына оң бағасын берді. Краснобаева Н.Л. Достық үйінің жұмысы көп қырлы, мазмұнды және қызықты деп атап өтті. Достық үйімен танысқаннан кейін, ауданның жастар мәслихатының депутаттары кездесіп,  ашық диалогта және талқылау дөңгелек үстелі өткізілді. Кездесу соңында, Достық үйінің ұжымы өз басшысы М. Абылгазинованы Қазақстан халқы Ассамблеясының жоғары наградасы, "Бірлік" алтын медалімен құттықтады.

 

«Бесқарағай ауданының Достық үйі» КММ-нің директоры                                                             М.Абылгазинова