Облыстық Достық үйінің «Русская песня» ансамблі бұл халық әндері, кәсіби деңгейде орындаушылық, талантты әншілер.Ағымдағы жылдың 18 мамыры күні облыстық Достық үйінің мәжіліс залында осы аталған тамаша ансамбльдің есептік концерті берілді. Ансамбль халықтық ұжым атағына ие. Хордың жұмысының жетісгі көбіне дыбыс үйлестігінің оралымдығы мен үндестілігінде көрсетуде жатыр.
Ансамбльдің жетекшісі Анатолий Костюк әркімнің ішкі жандүниесіндегі жарықты жаға білетін, ансамбль мүшелерінен жоғары көрсеткішті талап ете білетін үлкен дарынға ие адам, ол осындай талап қоюдың арқасында тамаша халықтық хорды ұйымдастыра білді. Хор мүшелері кезекті рет көрермендердің жүрегін кәсіби вокалмен ғана емес, сонымен бірге жалынды билеріменде жаулап алды. Үтір-нүктесіне дейін ойланып жасалған бағдарлама көрмендерді жалықтырмады. Хордың орындауындағы әндерден кейін дуэттер, дуэттердің орындауынан соң вокалдық топтар мен жеке орындаушылар өз өнерлерін алма-кезек ұсынып жатты.Ансамбльдің репертуары әртүрлілігі мен қайталанбастығымен ерекшеленді. Дыбыстың тазалығы мен үндестігін біріктірген, тамаша сезіммен ансамбль мүшелері жоғарғы вокалдық шеберлікті көрсете білді. Ансамбльдің көрсеткен өнері - әр көрерменнің жандүниесінде көпке дейін қалатындай ұмытылмас сезім мен қуаныш сыйлады.Шара барысында хор жетекшісі Анатолий Костюкке Облыстық Достық үйінің директоры Эльдар Төлеубеков, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Лео Шик өз тілектері мен алғыстарын білдірді. Сонымен бірге «Русская песня» ансамбліне жетістіктер тілеп, құттықтау үшін Қазақстандағы Ресей Федерациясының бас консулы Сергей Анненков келді.Концерт аяқталған соңда көрермендер тарапынан «браво» деген айқайлар мен қошаметтер сейілмей біразға дейін жалғасты.Шараға 150 адам қатысты.
Облыстық Достық үйі

