Республика күнімен, менің Қазақстаным!

25-10-2024

Республика күнімен, менің Қазақстаным!

Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Бағдарлама аясында қонақтарға тақырыптық фотокөрме, декоративті-қолданбалы өнер көрмесі, Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың QR-кодтары бар тарихи фотосуреттер коллекциясы және концерттік бағдарлама ұсынылды.

Салтанатты бөлім барысында құттықтау сөз сөйлеген Достық үйінің басшысы Толеубеков Эльдар Толеубекұлы ұлтаралық келісімді және этносаралық бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосқан тұлғаларға алғыс хаттар табыс етті.

Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен ҚР Президентінің атынан поляк этномәдени бірлестігінің белсендісі Валентина Васильевна Фрышко марапатталды, ал Мемлекет басшысының атынан неміс этномәдени бірлестігінің мүшесі Галина Робертқызы Миллерге алғыс хат табысталды.

Қонақтарды Достық үйінің шығармашылық ұжымдарының би және музыкалық нөмірлері қуантты. Әрбір өнер көрсету өңірде тұратын этностардың бай рухани-мәдени әлеуетін айқын бейнеледі.

«Іс-шара маған өте ұнады. Керемет көңіл-күй сыйлаған ұйымдастырушылар мен шығармашылық ұжымдарға үлкен рахмет», - деп әсерімен бөлісті қонақтардың бірі.