06-07-2024
Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында Астана күніне арналған «Мәңгілік елдің Елордасы» атты мерекелік концерті өткізілді.
Аталмыш күн – елорда тұрғындары үшін ғана емес, әрбір қазақстандық үшін де ерекше мереке.
Іс-шараға этномәдени бірлестік белсенділері, Достық үйінің қызметкерлері, Ақсақалдар кеңесі және қала тұрғындары жиналды.
Концерттік бағдарламада түрлі құттықтаулар мен арнайы көрермендер үшін ән-жырдан шашу шашты.
«Астана - мемлекетіміздің бейбіт әрі сындарлы саясатының, еліміздің қарқынды дамуы мен жарқын болашағының көрінісі. Баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!», - деп өз ойымен бөлісті іс-шара қонағы.