Сабантой бірлік пен татулықтың мерекесі

25-06-2018

Сабантой бірлік пен татулықтың мерекесі

Ағымдағы жылдың 24 маусымы күні Семей қаласында облыстық Достық үйі –қоғамдық келісім орталығы мен Семей қалалық Достық үйінің ұйтқы болуымен татар – башқұрт халқының ұлық мерекесі Сабантой кең көлемде тойланды.

           Биылғы Сабантой мерекесі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» ұлттық сананың жаңғыруы  бағдарламасы негізінде, облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының бастамасымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» - атты жобасы аясында өткізілуде. Оның мақсаты - Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының рухани мәдениетінің мұрасы ретінде фольклорды, ұлттық мерекелерді жаңғырту және салт-дәстүрлерді, рәсімдерді сақтау болып табылады. Сабантой мерекесіне алыс жақын шет елдерден арнайы делагаттар, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қоғамдық келісім Кеңесі, Аналар кеңесі мен этномәдени бірлестік өкілдері және қала тұрғындары мен қонақтары қатысыты. Семей қаласының әкімі Сәлімов Ермак Бидахметұлы шараға жиналғандарды бірлік пен берекенің, еңбекпен достықтың мерекесі жалпы халықтық тойға айналған Сабантой мерекесімен құттықтады.   ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Нұрғазиев Асқар Қисаұлы Сабантой мерекесіне жиналған қала тұрғындары мен қонақтарын арнайы құттықтап, татар мәдени орталығының бір қатар мүшелеріне арнайы алғыс хаттар табыс етті. Сабантой барысында татар халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері көрсетіліп, армрестлинг, арқан тартыс, татарша күрес, гір көтеру сынды спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, “Үздік биші”, “Музыкант”, “Үздік ұлттық киім” байқаулары өткізілді. Одан бөлек мың бұралған бишілер мен күміс көмей әншілер ән биден шашу шашып тойдық көрігін қыздыра түсті.