26-07-2018
Шығыс Қазақстан облысында «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысың бастамасымен «Ұлы Дала Елі мәдени мұралары» республикалық тарихи-экологиялық акциясы жалғасуда.
25 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының қатысушылары Аягөз аудандық өлкетану мұражайына барып қайтты. Үлкен қызығушылықпен Берел және Шілікті қорғандары мен ерте темір дәуірінің басқа да ескерткіштері туралы әңгімелейтін «Ежелгі аңғарлардың қазыналары» көрмесімен танысты. Сақ-сібір жануарлары стилінде жасалынған қол өнер туындылары ерекше қызығушылық тудырды: ағаштан және алтыннан жасалған арқар, бұғы мүсіндері. Мұражай біздің жерімізде болған барлық тарихи оқиғаларды көрсетеді. Бұл ұлы хандардың, құрметті билердің, дарынды ақындардың, батыл батырлардың, суретшілер мен спорт шеберлерінің жетістіктері. Мұражайда Ұлы Отан соғысының ардагерлері, еңбек ардагерлері, ауданның құрметті азаматтары туралы да ақпараттар бар.
Жергілікті əкімдік қызметкерлері қонақтар үшін қалаға экскурсия ұйымдастырды. Оның барысында "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысының мүшелері атақты шешен əрі батыр - Ақтамберді жыраудың ескерткішіне, осы кезге дейін халық жадынан берік орын алған Қу дауысты Құттыбай бидің ескерткішіне барды. Егер тарих тереңіне үңілсек, нақ осы адам алғашқылардың бірі болып Қытаймен дипломатиялық байланыс орната алған. Сондай-ақ, Шыңғожа ауылындағы өз заманында Абылайханның туын ұстаған Шыңғожа батырдың ескерткішіне тəу етті.
Бұдан басқа, Х-ХІ ғасырлардың ескерткіші, лиро-эпостық поэманың кейіпкерлері Қозы Көрпеш-Баян сұлудың мазар-мавзолейін көрді. Атап айтқанда, сол замандағы оқиғалардың, яғни, "ескінің куəсі" болып саналатын, "Қозы Көрпеш мəңгілік тұрақ тапқан", Қазақстанның көне ескерткіштерінің бірі болып есептелетін материалдық мəдениет ескерткіштерін аралап көрді.