Сайлау 2019

13-06-2019

Сайлау 2019

9 маусымда өткен президенттік сайлауда қазақстандықтардың басым бөлігі өз дауыстарын Қасым-Жомарт Тоқаевқа беріп, тәуелсіздік жылдарында елімізде қалыптасқан басты байлығымыз бен мәңгілік құндылығымыз бірлік пен келісімді таңдады. Мемлекет басшысы ұлықтау рәсімінде билік пен қоғам арасындағы диалогты әрі қарай дамыту идеясын ұсына отырып, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрды.
Мен азаматтық қоғам өкілі ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру идеясын толығымен қолдаймын.Және де тұрақсыз әлемдік саясат жағдайларында еліміздің одан әрі дамуын қамтамасыз ету үшін жасалған мықты қадам деп білемін.
Елімізде наразылар болмауы керек. Мәселені көрмеу мүмкін емес. Рас, мәселелер қиын, бірақ жауапты. Себебі кез келген мәселе, ол әр қазақстандықтың тағдыры, мемлекетіміздің болашағы. Жиналған мәселелерді ортаға салып шешу керек. Қоғамға диалог керек, бейбітшілік керек.
Осы орайда аталған кеңеске өте үлкен жаупкершілік артылып отыр. Енді қоғам мүшелері өз мәселелерімен ашық алаңда бөлісе алады, идеялары мен шешімдерін ұсына алады. Мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің халықпен өзара іс-қимылдың таптырмас тәсіліне айналып, елімізде осы уақытқа дейін орнаған бейбітшілік пен келісімді нығайта түседі деп сенемін.
Серік Оразбайұлы - «Өскемен қаласының жергілікті өзін-өзі басқару кеңесі» ҚБ басшысы