26-04-2022
Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы апта ішінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің Өскемен жұртшылығымен кездесуіне қатысты.
Отырыс барысында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауының «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты сайлау процесінің рәсімдері мен негізгі аспектілері талқыланып, түсіндірілді.
Шараға, пікір алмасуға Достық үйі - қоғамдық үйінің қызметкерлері белсене қатысып, өзекті ұсыныстарын жеткізді. Жиналған қауымның көпшілігінен бұл ұсыныстарға қолдау табылды. Қозғалған сұрақтар мен мәселелер болашақта өз шешімін табады деген үміттеміз.