13-05-2021
ZOOM платформасында «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен ашық тәрбие сабағы өтті. Іс - шара «Ел бірлігі - асыл қасиет» тақырыбы аясында, аналар кеңесінің мүшелері және Достық үйінің басшысы Алмаз Болатұлы Нұрғалиевтің қатысуымен өтті.
Қоғамдық институт - ШҚО ҚХА Аналар кеңесінің басты мақсаты-Қазақстандық бірегейлік пен жалпыұлттық бірлікті нығайту және дамытудың басты іргетасы ретінде отбасылық құндылықтарды сақтау, сондай - ақ өзара кеңестер өткізу, жасөспірімдерге, көп балалы, тұрмысы қолайсыз және толық емес отбасыларға көмек көрсету болып табылады.
Отырысқа қатысушылардың айтуынша: «өскелең ұрпақтың тұлғасын дұрыс қалыптастыру - ол ұлт жетістігінің кепілі».
Тәрбие сабағы барысы екі үлкен мәселеге тоқталды: Алғашқы болып «Үміт» балалар үйінің көркемдік жетекшісі Выблов Евгений Анатольевичтің талдауымен «Қазақстан ата - бабаларының дәстүрін жалғастыруда» тақырыбы болса, артынша ШҚО бойынша бала асырап алуды қолдау орталығының аймақтық өкілі Марянян Карина Армиковнаның «Бірлік пен бейбітшілік - біздің ортақ мүдделеріміз» мәселесі болды.
Алмаз Нұрғалиев бірлік - біздің басты құндылығымыз және оны үнемі қорғап, қорғауымыз қажет екенін атап өтті.
Ашық сабақтың қорытындысы бойынша Аналар кеңесінің мүшелері дәстүрлі отбасылық құндылықтар өскелең ұрпаққа белсенді түрде жетеді деген пікірге келді.