23-02-2018
2018 жылдың 23 ақпанында Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының дөңгелек үстелінде Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өкілдері мен «Альтернатива» ШҚО медиация және құқық орталығының медиаторларымен бірлесе кәмелеттік жасқа толмағандармен айналысатын полиция инспекторлары мен қатар қала мектептерінің оқытушыларына «Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істер бойынша қалпына келтіру медиациясы» тақырыбында семинар сабағын өткізді.
Өз сөзінде «Альтернатива» ШҚО медиация және құқық орталығының медиаторы Каленова Аксана Александровна кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі медиацияны баланың мүддесін қамтамасыз ету жағынан қарау керек екендігін көрсетті. Медиатор медиацияға қатысушы кәмелетке толмағандарға қатысты заң ерекшеліктерін ескеру қажет. Медиатор кәмелетке толмағандар мен оның заңды өкілдерінің медиацияда толықтай қатысуы үшін барлық жағдайды жасауы қажет. Кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықта қайта әлеуметтендіру, тәрбиелік әсер «осындай қайталанбас үшін не істеу керек» деген сияқты сұрақтар маңызды болып табылатындығын атап айтты.
Шара барысында, семинар қатысушылары кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істер бойынша медиацияны қолдану мәселелерін талқылады, сонымен қатар, медиаторлар ата-ана білімімен айналысу керектігі жөнінде, оқу орындарында жанжалды шешу әдістері туралы семинар, лекциялар өткізу қажеттілігі туралы ортақ ойға келді.