ҚХА этномәдени бірлестіктерін қоғамдық аккредиттеуден өткізу бойынша облыстың қалалық және аудандық Достық үйлерінің директорларының семинар-кеңесі

18-02-2019

ҚХА этномәдени бірлестіктерін қоғамдық аккредиттеуден өткізу бойынша облыстың қалалық және аудандық Достық үйлерінің директорларының семинар-кеңесі

18 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысындағы достық үйлерінің директорлары жыл сайын өтетін семинар-кеңеске қатысу үшін Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығына келді.
Шара басында сөз алған ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Нұрғазиев Асқар Қисаұлы ҚХА этномәдени бірлестіктерін қоғамдық аккредиттеу ережесі туралы айтып өтті.
Содан кейін, шақырылған сарапшы, Шығыс Қазақстан облысы Әділет Департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің бас маманы Д.Е. Сағындықов қоғамдық бірлестіктерді тіркеу тәртібі туралы айтып өтті.
Келесі кезекте, сөз алған Өскемен қаласы әкімдігінің «Шығыс Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетін түлету мектебі» КММ-нің басшысы Г.Қ. Ғабдуллина жексенбілік мектептер жұмысымен таныстырды.
Шара соңында Достық үйінің директорларының ішкі кездесуі өтті, онда 2019 жылға арналған жұмыс жоспары, облыстық конкурстардың аяқталуы және тағы басқалар талқыланды.