Әріптестермен семинар-тренинг

07-10-2021

Әріптестермен семинар-тренинг

Тәжірибе алмасу – жаңа белестерге жетудің кілті. Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің өкілдеріне арналған практикалық семинар - тренинг өтті, оған Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларынан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарынан әріптестер қатысты.

Достық үйінің басшысы Алмаз Болатұлы Нұрғалиев құттықтау сөз сөйледі.

«Мен Шығыс Қазақстан жерінде құрметті әріптестерімді қарсы алуға қуаныштымын және біздің ортақ қызметіміздің дамуына оң ықпал ететін өнімді диалог құру мүмкіндігіне ризамын»,– деп атап өтті ол.

Басқа спикерлер өзекті тақырыптарды қозғады. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Қоғамдық келісім" РММ бас сарапшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Таукибаева Шынар Жылқыбаева Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері қызметінің заманауи міндеттері мен келешегі туралы айтып берді.

Ахунжанов Габдулхак Габдулович – «Қазақстандық татарлар мен башқұрттар конгресі» РҚБ басқарма мүшесі, Семей қаласының "Прииртышский союз татар и башкир «Хак» ЗТБ басқарма төрағасы Ассамблеяның Тәуелсіздіктің 30 жылы ішіндегі мақсаттарын іске асырудағы тәжірибесі туралы айтып берді.

Кейін кездесудің практикалық бөлігі – тренингтер өткізілді.

Равиль Юнусов – ШҚО ҚХА "Жаңғыру жолы" РДМ төрағасы, Достық үйі басшысының орынбасары, ШҚО ҚХА мүшесі тренинг өткізіп, жас ұрпақ өкілдерін Ассамблеяның еріктілер қозғалысына тартуға бағытталған нұсқаулықтарды атап өтті. Тренингті клиникалық психолог, "Рух" психология және тұлғаны дамыту орталығының директоры – Баймухаметова Резеда Сәлімжанқызы жалғастырып, киберкеңістікте психологиялық тұрғыдан қалай қорғану керектігі туралы бірқатар ұсыныстар берді.

–Нәтижелі семинар – тренинг үшін үлкен рахмет. Бүгін біз Қазақстанның түкпір -түкпірінен келген этномәдени бірлестіктердің мүшелерімен таныстық. Бізді Қазақстан халқы Ассамблеясы біріктіреді, және біз ең бастысы – бейбітшілік пен бірлік екенін түсіндік,, – деп Павлодар қаласының делегациясы өздері алған әсермен бөлісті.

Іс – шара қатысушылардың естелік фотосуретімен аяқталды.