2015 жылдың 2 сәуірінде Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында зиялы қауым, орта, арнайы орта және жоғарғы білім беру орындарының, сонымен қатар мәдениет мекемелерінің және ЭМБ өкілдерінің сенімді тұлғаларымен кездесуі өтті. 60 аса адам қатысқан кездесудің ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Презиентінің қолдау штабының өкілдері. Кездесу барысында мәдениет қызметкерлерінің облыстық комитетінің төрайымы Л.Б. Князеваға, қалалық штаб төрағасының орынбасары Г.М. Ишмуратовқа, сонымен бірге М.И. Кикинаға, Л.Б. Шикке, А.О. Дюсуповаға, Е.А. Мамбетказиевке, Т.А. Кагермановаға, А.А. Яковлевке сөз берілді.
Кездесу мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенттігіне тұрақтылық, бейбітшілік пен көпұлтты Қазақстанның гүлденуінің кепілі Н.А. Назарбаевтың кандидатурасын қолдау.

