ШҚО Қазақстан халқы Ассамблясының кезекті ХХIV- сессиясының кеңейтілген отырысы өтті

27-12-2017

ШҚО Қазақстан халқы Ассамблясының кезекті ХХIV- сессиясының кеңейтілген отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 26 желтоқсаны күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында ШҚО әкімінің орынбасары Ә.Б. Нүсіпованың қатысуымен ШҚО Қазақстан халқы Ассамблясының кезекті ХХIV- сессиясының кеңейтілген отырысы өтті.  Шараға Шығыс Қазақстан облысы Қазқстан халқы Ассамблясының мүшелері, Облыстық және қалалық Ақсақалдар кеңесі, ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі, ғылыми сараптамалық тобы, Аналар кеңесі, меценаттар клубы, журналистер клубы, жастар лигасының мүшелері және этномәдени бірлестік жетекшілері мен белсенділері қатысты. Өз кезегінде сөз алған   славян этномәдени бірлестігінің жетекшісі А.А. Яковлев өңір басшысына көңіл бөліп, бүгінгідей үлкен ғимарат бергені үшін, барлық этномәдени бірлестіктердің атынан  ризашылығын білдіремін - деді. Кеңейтілген отырыс барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл  басында халыққа жолдаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын сонымен қатар үстіміздегі жылдың сәуір айында халыққа жол тартқан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында  ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының бірлесе отырып жыл көлемінде атқарған жұмыстарын қорытындылады. Отырыс соңында ел бірлігін  нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблясының атынан Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Е.Ш. Жұмақсанов және әзірбайжан этномәдени бірлестігінің белсендісі М.Т. Рамизов алғыс хаттармен марапатталды.