29-05-2018
«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында ШҚО ҚХА Ғылыми – сараптамалық тобының кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ҒСТ –ның мүшелері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының, Қоғамдық келісім Кеңесінің мүшелері және этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен білсенділері, Жоғары оқу орындарының ұстаздары мен студенттері қатысты. Отырыс барысында сөз алған тарих ғылымдарының кандидаты, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, «Рухани жаңғру» гуманитарлық және саяси зерттеулер орталығының жетекшісі Жанна Сәкенқызы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асырлуы барысына тоқтала келе, бұл бастама еліміздің ертеңі саналатын студент жастар үшін мән маңызы зор болашағы жарқын бастама екендігін атап өтті. Сонымен қатар С.Аманжолов атындағы «Алтайтану» ғылыми орталығының бас ғылыми қызыметкері, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Э. О . Столярова және тарих ғылымдарының кандидаты Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіндегі ҚХА кафедрасының меңгерушісі Г.Ә Сәрсенбаева Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының жұмыс барысы туралы баяндады. Сондай – ақ отырыс барысында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы жөнінде пікір алмасулар болды.