ШҚО әкімі этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті

22-12-2017

ШҚО әкімі этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К Ахметов жаңа ғимаратқа көшкен Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында әрбір этномәдени бірлестік  өкілдерінің кабинеттерін жеке-жеке аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бүгінгі таңда бір шаңырақ астында татулық пен бірлікте ғұмыр кешіп жатқан этномәдени бірлестік өкілдері өңіріміздің тұрақтылығы мен дамуына өз үлетерін қосуда.   Өз кезегінде славян этномәдени бірлестігінің жетекшісі А.А. Яковлев өңір басшысына әр уақытта бізге көңіл бөліп бүгінгідей үлкен ғимарат бергеніңіз үшін, біздің жұмыс жасауымызға жағдай жасағаныңызға ризашылығымды білдіремін –деді.  Кездесу соңында ШҚО әкімі Даниал Кенжетайұлы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани қазыналарымызды жаңғырту керектігін ескертті.