Сәуір айының 20- сы күні Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығында ШҚО «Жаңғыру жолы» жастар штабының отырысы өтті. Шараға Өскемен қаласы жастар мәслихатының депутаттары, ШҚО «Жаңғыру жолы» жастар штабының және аудандардағы «Жаңғыру жолы» жастар штабының мүшелері қатысты. Отырысқа қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған Үндеуін талқылады. Сонымен қатар Start-App проектілер жайында да сөз қозғады.
- Біз жастар алдағы болатын сайлауға белсенді қатыса отырып, өз таңдаумызды жасауымыз керек деген - ШҚО «Жаңғыру жолы» жастар штабының төрағасы Юнусов Равиль Александрович ШҚО «Жаңғыру жолы» жастар штабының жыл көлемінде атқарған жұмысы туралы да айтып өтті. Өз кезегінде сөз алған Өскемен қаласы жастар мәслихатының депутаты - Бибулова Айзада Ержанқызы Start-App жобаларға жастар қалай қатысуға болатындығын және жобалардың маңызына тоқталды. Шара соңында қатысушылар ШҚО Қазақстан халық Ассамблеясының құнды жәдігерлер қойылған мұражайы мен этномәдени бірлестіктердің кабинеттеріне экскурция жасады. Шара қонақтары Достық үйінің «Беля сова» қолөнер бірлестігінің көрмесін тамашалауға мүмкіндік алды.