09-05-2021
Ұлы Жеңіске арналған «Шам жақ» дәстүрлі акциясына Достық үйінің этномәдени бірлестіктерінің мүшелері қатысты. Бүгін Даңқ мемориалына Ұлы Отан соғысы жылдарында жеңіске жеткендерді еске алу үшін Өскемен қаласының тұрғындары жиналды.
Достық үйінің атынан татар және орыс этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Мәңгілік от алдындағы алаңда шамдардан Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай жұлдыз бен 76 саны қойылды. Даңқ мемориалындағы нақышталған жазулар да назардан тыс қалған жоқ.
- Биыл акция ерекше форматта өтуде, бірақ соған қарамастан біз Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқандарды еске аламыз, - деп бөлісті Орыс мәдени орталығының төрайымы Вера Правдина.