Шешен тілі сыныбының ашық сабағы

14-08-2014

Шешен тілі сыныбының ашық сабағы

Ағымдағы жылы 10 наурыз күні Облыстық Достық үйінде «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің ашық сабағы өтті.Ашық сабақтың мақсаты: шешен халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтау және дамыту, этносаралық келісімді сақтау, шешен тілін оқып үйренуді насихаттау.Шешен-ингуш орталығы көрермендерге әртүрлі көңілді бағдарлама ұсынды. Жалынды лезгинка биі нәзік әуенді әнмен алмасты, ал туған жер туралы өлең әр көрерменнің жан дүниесін баурады. «Кавказ гүлдері», «Көктем», «Бұлақ жанында» атты қыздардың орындауында әсем билер орындалды. Шара барысында сонымен бірге Кавказ туралы викторина ойнатылды. Сахнада шешен-ингуш халқының костюмдері, музыкалық аспаптары, ұлттық тағамдары көрсетілді. Шара барысында әзіл қалжыңға да орын берілді, ол байқауға қатысушыларға лезгинканы балалар әнінің әуенімен орындау ұсынылған кезде еді. Ең жағымды сәт, ол Облыстық Достық үйінің шараларына белсенді қатысқаны және шешен-ингуш мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін құрмет грамотасымен шешен-ингуш ЭМБ белсенділерін марапаттау болды.Шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Е.М. Аязбаев, Облыстық Достық үйінің директоры Э.Т.Төлеубеков, «Түлету» мектебінің өкілі Р.А. Цис өз тілектерін білдіріп, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің құрылуына қатысқан адамдар және де бүгінгі күні шешен халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтап, дамытып жүргендер туралы өз ойларын ортаға салды.Кезекті ашық сабақ – бұл осының айғағы, шешен-ингуш мәдениеті соңғы жылдарда қайта түлеп, бұғанасы бекіген, ол біздің еліміздің көпқырлы мәдениетін байытатын және сөз жоқ әсемдейтін халық мұрасының төл мәдениетінің бір бөлігі болып, көпұлтты Қазақстанымызда алдыңғы қатардағы орынды иеленіп келеді.Шараға 130 адам қатысты. Облыстық Достық үйі