18-03-2019
17 наурыз күні Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында Шешен-ингуш этномәдени бірлестіктерінің «Вайнах» хореографиялық ансамбілінің «Шешен және ингуш билерінің тарихы» концерті өтті. Өткізілген мерекеге Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Бұл мереке Кавказ мәдениетінің көп қырлы шығармашылығын көруге мүмкіндік берді. Концерттің бағдарламасында, вокалды-хореографиялық және аспаптық композициялар орындалды.