«Масленица кеңінен тойланды!»

21-02-2018

«Масленица кеңінен тойланды!»

Ағымды жылдың 16 ақпанында ауданның орталық алаңында аудандық Достық үйі және славян этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Масленица!» атты халық серуені өтті. Мерекелік іс-шараға ауданның мекемелері мен ұйымдардың ұжымдары қатысып, масленицаның 7 күндерінен театрландырылған қойылымдар тамашаланып, «Мерекелік дастархан» байқауларына қатысты.  Алаңда жиналған барлық тұрғындарды Бесқарағай ауданы әкімі Д.Б. Батырбаев, аудандық славяндық этномәдени бірлестігінің төрағасы Родионов В.С. құттықтады. Мерекеде көңілді күлдіргіштер, ал қызыл құймақтар, көңілді өлең-тақпақтар және жайдарылықтың барлығы болды! Мерекенің дәстүрі бойынша бағдарлама соңында аудан әкімі Д.Б.Батырбаев пен славяндық этномәдени бірлестігінің төрағасы Родионов В.С. Масленица чучелосын жақты. Ал қатысушылар жанып жатқан чучелоны айнала, достықтың нысанында қол ұстасып айналды.  Әділқазылар мерекелік іс- шараны қорытындылап, мерекеге қатысушылардың барлығын бағалы сыйлықтармен аудан әкімінің мадақтамалары мен жүлделі және келесі номинацияларда марапаттады: «Раздольная масленица!», «Блинный рай!», «Масленичный переполох!», «Широкий разгул!», «Масленичные забавы!» және «За верность традициям!» ат шаналарды ұйымдастырғаны үшін Шахворостов С, Шахворостов А, Рахимбердин Д, Сабитов С.Шакаров К.

Мереке барысында аудан кәсіпкерлерімен « Ізгілік керуені» атты акция өткізілді. Халықтың әлеуметтік жағдайы осал 32 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді.  Масленица өзінің жалғасын ауданның ауылдық округтерінде тапты.