28 сәуір күні Солжағалық кешеніндегі этноауылда ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХI сессиясы өтті.Сессияны ашқан Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, барлық қатысушыларға, өңіріміздегі қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысып, ортақ үйіміздің жағдайын жақсарта түсу үшін қолдан келгенше барлық мүмкінідіктерді жасап, бүгінгі сессияға белсенді қатысып отырғандарына алғысын білдіретінін айтты. Өз баяндамасында ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының жетекшісі Е.М. Аязбаев, біз біртұтас қазақстандық қоғамды құруда аз күш жұмсаған жоқпыз. Ассамблея елміз бен облысымызда өткізіліп жатқан барлық іс-шаралар мен қайырымдылық акциялардың орталығы болуы тиіс деп атап өтті. Сонымен бірге сессияда ШҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Н.Л. Краснобаева, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Г.М.Ишмуратов баяндама жасады. Сессия мүшелері ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын қорытындылап, Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жоспарын құрды. Сессиядан соң ШҚО әкімі Даниал Ахметов қоғамдағы тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуда, мәдениет пен ұлттық шығармашылықты дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін өңірдегі Достық үйлерін марапаттады. Форум қаладағы этномәдени және жастар бірлестіктерінің өнерпаздары қатысқан дәстүрлі халық өнерімен заманауй өнерді біріктірген мерекелік концертпен аяқталды.