ШҚО ҚХА 17 сессиясы болып өтті

14-08-2014

ШҚО ҚХА 17 сессиясы болып өтті

Ағымдағы жылдың 17 қарашасы күні облыстық Достық үйінде ШҚО ҚХА 17 сессиясы болып өтті. Осы отырысты ШҚО ҚХА төрағасы, облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев баяндама жасады. Сессия жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, басқарма басшылары, Достық үйінің белсенділері қатысты. Облыс әкімі ШҚО ҚХА және этномәдени бірлестіктердің алдында қойылған міндеттеріне және Республиканың 20 жылдығы қарсаңындағы кезектен тыс депутаттар сайлауын жоғары деңгейде лайықты қарсы алуға кеңінен тоқталып өтті. Ол Достық үйлерінің рөліне, аймақтағы Достық үйлерінің облыстық Достық үйімен тығыз байланыста жұмыс істеп, оның тәжірибесін қолдануға ерекше тоқталып өтті. ҚХА мүшесі, Семей қаласындағы педагогикалық институтының проректоры М.С. Панин Ассамблеяның жұмысын жақсарту жөнінде бір қатар ұсыныс жасап, әсіресе жастар арасындағы жұмысқа ерекше көңіл аударуды баса айта келіп, сонымен бірге қабілетті және белсенді жастар арасынан келешекте жақсы мамандарды тәрбиелеу қажеттілігі туралы айтып өтті. Зырян қаласының неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі жақында ғана ашылған Достық үйінің жұмысы жайлы айта келіп, облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтан оның материалдық базасын нығайтуға көңіл бөлуін сұрады. Орыс этномәдени бірлестігінің жұмысы туралы орыс ЭМБ төрағасының орынбасары Л.Б. Князева баяндама жасады. Облыс әкімі сөзін қорыта келе этноауылдағы ЭМБ жұмысын жақсарту, Достық үйлерін қаржыландыру бойынша бір қатар тапсырма берді. Сессия соңында үндеу қабылданып, облыстағы Достық үйлерінің көркемөнерпаздар шығармашылығының күшімен концерт берілді.