Мектеп медиациясы – жарқын болашаққа бастар жол

16-09-2021

Мектеп медиациясы – жарқын болашаққа бастар жол

Мектеп – бұл адамның жеке басы қалыптасатын орын, ол әлеуметтік байланыстарға ие болатын және әртүрлі дағдыларды үйренетін орта. Кәсіби медиатор, "ULAN" медиация және құқық орталығының жетекшісі Танекенова Тулетай Замамбековна Ұлан ауданы Асубұлақ орта мектебінің педагогтары және оқушылары үшін "Жанжалдардың негізгі түрлері" тақырыбында кездесу өткізді.

"Бүгінгі таңда құқықтық сауатсыздықты жою қажет. Болашақ жастарға тиесілі, сондықтан жас ұрпақ өкілдері өз құқықтарын қалай қорғауға болатынын білуі және бұл ақпаратты жақынындарына жеткізе білуі қажет. Өйткені Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтыны баршаға мәлім", - деп атап өтті медиатор.

Қазақстандағы мектеп медиациясы қазіргі уақытта өзінің дамуының бастапқы сатысында тұр. Оның негізгі мақсаты - белгілі бір дәрежедегі жауапкершілікке әкеп соқтыратын түрлі жанжалдарға қатысқан балалардың жарқын болашағын сақтау, сондай -ақ даулы жағдайлардың туындауына жол бермеу.

Мектептегі қақтығыстың негізі кең. Бұл студенттер арасында ғана емес, мұғалім мен оқушы арасында немесе мұғалім мен ата-ана арасында да түсініспеушілік болуы мүмкін, сондықтан мұғалім медиативті механизмдер арқылы тараптарды татуластыру тәсілдерін білуі керек.

Кездесу аясында Тулетай Замамбековна қатысушыларға медиация арқылы шешілуі мүмкін әкімшілік және қылмыстық бұзушылықтар туралы айтып, медиация туралы теорияны білуіне педагогтарды тестілеуден өткізіп, балалармен профилактикалық жұмыс жүргізді.

Тақырыптық ойындармен, байқаулармен, қызықты пікірталастармен осындай кездесулер тұрақты негізде өткізілетінін атап өткен жөн.