14-03-2018
2018 жылы 14 наурызда Достық үйі –қоғамдық келісім орталығында мектептегі медиация тақырыбы бойынша Өскемен қаласының №1, 3, 16, 20, 33, 35, 43 мектептерінің психологтары мен оқушыларының қатысуымен семинар-тренинг өтті.
Семинар мақсаты оқушыларға медиация рәсімдері арқылы жанжалдардың алдын-алу және түзету жұмыстарының тиімділігін арттыруға ықпал ететін балама әдістерін қолдануға үйрету, оқушылардың қоғамға қарсы әрекеттерінің көрінісін азайтуға және жанжалды жағдайлардың жалпы санын азайтуға бағытталады.
Семинар барысында оқушылар жанжалдардың пайда болуы мен оны шешілу жолдарын талқылауға белсене қатысты. Психологтар тараптарынан бітімгершілік рәсімдерін мектепте қолдану үшін медиацияны оқуға тілек білдірді. Мұндай семинар-тренинг жыл көлемінде ай сайын Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында барлық қала мектептері үшін өткізіледі.