05-04-2018
Ағымдағы жылдың 5 сәуірі күні Достық үйі-қоғамдық келісім орталығына қаламыздағы №23 мектептің оқушылары экскурсияға келді.
Экскурсия барысында оқушылар Достық үйінің төрінен орын алған, тұңғыш Қазақстан халық Ассамблеясының мұражайнда болып, ондағы бір шаңырақ астында татулықпен бірлікте өмір сүріп жатқан көп ұлтты бейнелейтін ерекше үлгідегі қуршақтарды көргенде таңданыстарын жасыра алмады. Сонымен қатар оқушылар этномәдени бірлестіктердің кабинеттерін аралап әр ұлттың салт –дәстүрімен танысуға мүмкіндік алды.