25-04-2019

"Толеранттылық мектебі"

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында "Мәдениетаралық толерантты кеңістікті қалыптастыру және жастар арасында диалогты дамыту" жобасы аясында "Ұрпақтар диалогы – қоғамдық сананы жаңғырту факторы" XII сессиясының ашылуы өтті. Шараға ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми –сараптамалық тобының өкілдері, Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ және Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ сондай – ақ Қазақстан Американдық Еркін университетінің студенттері қатысты.  Бүгін студенттер үшін "Өмірлік кредо-доброволец" атты флэш – семинар ұйымдастырылды, оны жаттықтырушы - сарапшы, "ШҚО Азаматтық Альянсының" атқарушы директоры Бобрышева Ольга Александровна және жобаның үйлестірушісі әрі жаттықтырушыс Ахмедзянов Руфит Наильевич жүргізді. ЖОО командалары өз жобаларын ұсынды. Шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.