24-04-2019
Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында "Мәдениетаралық толерантты кеңістікті қалыптастыру және жастар арасында диалогты дамыту" жобасы аясында "Ұрпақтар диалогы – қоғамдық сананы жаңғырту факторы" XII сессиясының ашылуы өтті. Шараға ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми –сараптамалық тобының өкілдері, Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ және Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ сондай – ақ Қазақстан Американдық Еркін университетінің студенттері қатысты. Іс-шараны тарих ғылымдарының кандидаты, ШҚО ҚХА ҒСТ төрағасы, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ департаментінің директоры Краснобаева Нелли Леонидовна пен тарих ғылымдарының докторы, "Алтайтану" ҒЗО директоры. Александр Николаевич Алексеенко ашты. Қазақстандық қоғамды жаңғырту жағдайындағы ұрпақтар диалогының мүмкіндіктері мен қайшылықтары туралы әлеуметтік ғылымдар кандидаты, С. Аманжолов.атындағы ШҚМУ-дың Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Столярова Элеонора Олеговна жан – жақты айтып өтті. Шығыс Қазақстан облысындағы тұрғындардың жас ерекшелігі мен демографиялық мәселеліріне тарих ғылымдарының докторы, "Алтайтану"ҒЗО директоры Александр Николаевич Алексеенко тоқталып өтті. Одан әрі шараны студенттердің еркін пікір таластары қыздыра түсті. "Толеранттылық мектебі" сессиясына қатысушылардың алдына бірнеше міндеттер қойылды: әртүрлі ұрпақ өкілдерімен қарым-қатынас жасау тәжірибесін талдау, осы проблемадан туындайтын мүмкін болатын ресурстарды анықтау және волонтерлік қызмет жағдайында әр ұрпақ өкілдері арасында тиімді қарым-қатынас жасау жобасын ұсыну. Ертең жоғары оқу орындарының командалары өздерінің жобаларын таныстырады, қорытынды шығару бойынша жеңімпаздар марапатталады.