02-11-2018
Ағымдағы жылдың 1 қарашасы күні Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында толеранттылық мектебінің XI сессиясы өтті. Шараға өңіріміздің жоғары оқу орындарының студенттері мен ШҚО ҚХА ғылыми – сараптамалық тобының мүшелері қатысты.
Шараның алғашқы күні қатысушыларға әлеуметтану ғылымының кандидаты, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дағы ҚХА кафедрасының меңгерушісі Столярова Элеонора Олеговна, тарих ғылымдарының кандидаты ШҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісі Краснобаева Нелли Леонидовна, «Алтайтану» ғылыми зерттеу орталығының диекторы Алексеенко Александр Николаевич, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ- дың құқықтық кафедрасының меңгерушісі Рахимбердин Куат Хажумуханович, «Ақжол» партиясының ШҚО филалының жетекшісі Курмангалиев Талгат Тлебалдыевич дәрістер оқыды.