13-05-2018
Ағымдағы жылдың 13 мамыры күні Достық үйі –қоғамдық келісім орталығында «Товарки» халықтық ансамблінің шығармашылы кеші өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шығармашылық ұжымның 30 жылдық мерей тойында халықтық дәстүрлі әндер орындалып, көремен қауымды әсем әндердің сазды ырғағына бөледі. «Товарки» халықтық ансамблі Қазақстан, Болгария, Ресей елдерінде өткен түрлі халықаралық байқаулардың лауреаты атанған. Сонымен қатар шара барысында шағын театрландырылған қойылым көрсетілді. ШҚО ҚХА Қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы Л.Б Шик құттықтап өзінің ізгі тілегін жеткізді.