18-08-2018
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» ұлттық сананың жаңғыруы бағдарламасы негізінде, облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының бастамасымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» - атты жобасы аясында Аягөз және Үржар аудандарына қазақ халқының фольклорын зертеу, жаңғырту жинақтау мақсатында Достық үйі- қоғамдық келісім орталығының ұйымдастыруы мен арнайы экспедиця барып қайтты. Экспедиция жетекшісі Бағдат Оразбайқызы және экспедиция мүшесі Достық үйі- қоғамдық келісім орталығы Этносаралық ахуалды талдау және мониторинг жургізу бөлім басшысының м.а. Асан Асқарұлы. Экспедиция барысында халқымыздың бір қатар көне дастан, аңыз әңгімелерін жинақталды атап айтар болсақ, Жандәлі қыз батырдың тарихи оқиғасы, Қозы Көрпеш – баян сұлу эпосынан қосымша деректер, сонымен қатар аңыз әңгімелер мен халық әндер жазылып алынды. Аягөз және Үржар аудандарындағы өнер иелерімен бір неше кездесулер ұйымдастырылды.