Шығармашылық кеш

14-08-2014

Шығармашылық кеш

2010 жылдың 18 қазаны күні облыстық Достық үйінің қара шаңырағында, белорусс бірлестігінің ұйымдастыруымен белорусс этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі, поэтесса Лущаева Райса Тихоновнаның шығармашылық кеші болып өтті. Зал кездесуге келген көрермендерге лық толды. Кештің шымылдығы Лущаеваның өмір естеліктерінен алынған слайд-шоу көрсетілімімен ашылды. Кездесуді Райса Тихоновна елбасы Н.Назарбаевқа және белорусс халқына арнаған өлеңдерінен бастады. Поэтессаны шығармашалық кешімен Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Еркінбек Мұқатайұлы Аязбаев құттықтап, алғыс хатын тапсырды. Кешті «Русская песня » ансамблінің әншісі Л. Карчевская тамаша даусымен, әсем әнімен жандандыра түсті. Ал, белорусс орталығының төрағасы Владимир Павлович Магазинщиков, қарапайым отбасынан шыққан, белорусс қызы Райса Тихоновнамен алғашқылардың бірі болып белорусс орталығын құрғанын, Белоруссиядан делегация келген кезде бір түнде өлең жазып беруін сұрайтынын айта келіп, өзінің ақ тілегін білдіріп, Достық үй әкімшілігі тарапынан берілген ақшадай сыйлықты ұсынып, кешке келген көрермендерге алғысын білдірді. Соградан келген «Сударушки» ансамблі кеш иесін құттықтап, тамаша әндерін жолдады. Кеш барысында Райса Тихоновна әр түрлі тақырыпта жазған өлеңдерін оқып, көрермендер қошеметіне бөленді. Ақынның табынушылары Анна Семенова, Нина Смельц, Ольга Матвеева, Валентина Леонтьевалар оның шығармаларын сахна төріне шығып оқыды. Кеш барысында әсем әнде, жылы тілектерде айтылып жатты. Залда жасөспіріпдер отырғанын байқаған кеш иесі оларға арналған шығармасынан да, «7 сынып», «10 сынып» деген өлеңдерін оқып берді. Шығармашылық кешке келген №38 мектептің оқушылары да, ақынға шоқ раушан гүлін сыйлап, өз ілтипаттарын білдірді. Кеш соңында Райса Тихновнаның әр түрлі ұлттың басқосатын қара шаңырағына айналып отырған Достық үйіне арнап шығарған «Достық үйі» гимнімен және көрермендерге арналған жылы тілекті өлеңі оқылды. Бұл кеш көрермендер көңілінде көпке дейін сақталады деген ойдамыз.