14-08-2014
Шығармашылық сапар
2010 жылы 26-27 маусым күндері Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық Достық үйінің ұйымдастыруымен, ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Е. Аязбаев басшылығымен орыс этномәдени бірлестігінің «Русская песня» халық ансамблі, Достық үйінің әдіскері А. Жұмаділова табиғи апаттардан зардап шеккен Тарбағатай ауданының Туғыл ауылы мен Зайсан қаласына шығармашылық іс-сапармен барып қайтты. Шығармашылық ұжымды Тұғыл ауданының әкімі Тұрсынбек Сейітбекұлы Закариянов, әкімнің орынбасары Сайлау Жакенов, мәдениет үйінің ұйымдастырушысы Әскербек Рақымбаев, Гүлдариға Нұрмолдина, Қымбат Көпжасаровалар қарсы алды. Тұғыл ауылына бару сапарын ұйымдастуға атсалысқан азаматтың бірі Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімінің бастығы Айдос Жаңабайұлы Тайшобелов.
«Русская песня» ансамблінің концерттік бағдарламасы Тұғыл ауылының мәдениет үйінің жанында орналасқан шағын сахнада қойылды. Ансамбльдің өнерін тамашалауға келген ауыл тұрғындары шығармашылық ұжымды қошаметпен қарсы алды. «Русская песня» ансамблінің кәсіби деңгейде көрсеткен өнерлері ауыл тұрғындарының көңілі-күйлерін бір көтеріп тастады. Ауыл әкімі Т. Закариянов шығармашылық ұжымға алғысын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.
Тұғыл ауылының дастарқанынан дәм татып, шығармашалық ұжым Зайсан қаласына жол тартты. Кең сарайдай әдемі салынғын Зайсан қаласының 500 орындық мәдениет үйінде «Русская песня» ансамблі әскери бөлімнің жауынгерлеріне және қала тұрғындарына өнер көрсетті. Жарты ғасырлық тәжірибесі бар ансамбль өз репертуарындағы қазақ тіліндегі әндерді де тамылжыта орындап көрермен қауымның қошаметіне бөленді. Осы жолы да, «Русская песня» өзінің жоғарғы деңгейдегі өнерін дәлелдеді, оны көрермендердің білдірген тілектерінен-ақ байқауға болады. Зайсан қаласының ішкі саясат бөлімнің бастығы Зухра Ағзамқызы Мұхаметкариева қала әкімінің атынан «Русская песня» ансамбліне шығармашылық табыс тілеп, диплом табыстады.
ШҚО Қазақстан халқы Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Е. Аязбаев Зайсан, Тұғыл тұрғындарына Ассамблеяның атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып, Ел бірлігі доктрина бойынша түсінік жұмысын жүргізді.