Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен,  «Азық-түлік қауіпсіздігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Fresh Market» ЖШС сауда-логистикалық орталығының құрылысын жүргізуде.

14-08-2014

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен, «Азық-түлік қауіпсіздігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Fresh Market» ЖШС сауда-логистикалық орталығының құрылысын жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 14 мамыры күні Облыстық Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен «Fresh Market» ЖШС өкілдерінің кездесуі өтті. Аталған орталық барлық стандарттық сапаға сәйкес еуропалық үлгідегі заманауи азық-түлік базары болып табылады. Кездесуді өткізудегі мақсат, аталған жобаға кәсіпкерлерді тарту, сауда алаңдарын ұсыну, жергілікті тауарөндірушілердің және өз өнімдерінің сатылымын арттыру арқылы бизнестің қарқынды дамуына әсер ету.«Fresh Market» СЛО азық-түлік тауарларын сақтау мен сауданы қамтамасыз ету үшін барлық қажетті инфрақұрылымдармен жабдықталатын болады. Жалға алушылар мен сатып алушыларға сапалы қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалады. Кездесуге 18 адам қатысты. Облыстық Достық үйі