Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының  ғылыми-сараптамалық тобының отырысы

20-02-2015

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының отырысы

        Ағымдағы жылдың 19 ақпаны күні Ассамблея жылының аясында «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында»  ғылыми-сараптамалық топтың отырысы өтті.         Шығыс Қазақстан облысы хатшылығының жетекшісі, ғылыми-сараптамалық топ төрағасының орынбасары  Еркімбек Аязбаев топ мүшелері алдында 2014 жылы атқарылған жұмысты қорытындылап, есеп берді. Сонымен бірге Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында өтетін 2015 жылдың жұмыс жоспарымен таныстырып, өз ұсыныстарын енгізуді ұсынды.   Ғылыми-сараптамалық топтың төрайымы Люция Абдуллина отбасылық жағдайына байланысты орнынан босатылып, ғылыми-сараптамалық топтың  төрайымы болып, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің философия және адам дамуы мәселелері кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымының кандидаты Нелли Краснобаева, ал хатшысы болып, Қоғамдық келісім орталығының директоры  Эльдар Төлеубеков  бірауыздан сайланды. Сонымен бірге топтың құрамы бекітіліп, оған топтың жаңа мүшесі болып облыстық мұрағаттар мекемесінің директоры Алдияр Аубакиров кірді. Бұдан кейін  ҒСТ мүшелері ұлтаралық келісім мен толеранттылыққа бағытталған жұмыстар бойынша  өз ойларымен бөлісті. Отырысқа 11 адам қатысты.