2012 жылдың 30 қарашасы күні Облыстық Достық үйінде Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XVIII сессия
өткізілді.
Сессияға қатысқандар: Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Достық үйлерінің директорлары, республикалық және облыстық мемлекеттік құрылымдарының басшылары, азаматтық сектордың, қоғамдастықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.
Қазақстан халқы Ассамблеясының XVIII сессиясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналып өткізілді.
Сессияның ашылуы барысында Шығыс-Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Б. Көшербаев тұрақтылық, ынтымақтастық пен жетілдіру – осы үш негізгі мәселені атап өтті.
Сессияға қатысушылар алдында ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі – Е.М. Аязбаев баяндама жасады.
Сессия барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері ел экономикасы, конфессияаралық тұрғыдағы және басқа да көптеген мәселелерді талқылады.
Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда халқымыздың даналығы және Қазақстан Республикасының Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемел саясатының арқасында әлемде болып жатқан түрлі этносаралық қақтығыстар мен қоғамдық қайшылықтардан еліміз аман қалды.
Тәуелсіздікке қол жеткіздік, мемлекет құрылды, экономикамыз дамуда, осы жылдар ішінде демократизация бағытындағы қоғамдық танымның түбегейлі өзгерісі болды. Этностардың салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін сақтауда барлық жағдайлар жасалды.
Бірлік жаңа дамып келе жатқан жас, демократиялық мемлекетімізді құрудың негізі және еліміздің барлық азаматтарының ортақ жетістігі болып табылады, ал этностар арасындағы келісім – Қазақстанның символы, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының кепілі мен негізі.
Облыста тұратын ұлттар арасындағы тұрақтылық пен келісімді жүзеге асыруға тоғыз Достық үйінің жұмысы бағытталған.
Сессия соңында қатысушылар Қазақстан халқына үндеуін қабылданды.
Сессияға 135 адам және БАҚ өкілдері қатысты.
Облыстық Достық үйі


