23-06-2021
Риддер қаласының Достық үйінде «Қазақ тілі» этно-бағдарлы қоғам кеңсесінің салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты шараға барлық этномәдени бірлестіктердің өкілдерінен басқа, қала депутаттары мен әкімі - Горьковой Дмитрий Анатольевич те қатысты. Бұл шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерейтойына орай ұйымдастырылды.
«Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өту және Достық үйі жүзеге асыратын ұлттық сәйкестілік жөніндегі жобаларды іске асыру шеңберінде қалалық бюджеттен қаржы бөлінді, ол үшін ”Қазақ тілі” кабинеті жөндеуден өтті», - деп қала Басшысы атап өтті.
Этномәдени бірлестіктердің мүшелері және Достық үйінің әкімшілігінің айтуы бойынша жаңарған кабинетті тану қиын: жаңа ақпараттық стендтер, ұлттық нақыштағы ыдыс-аяқтар, киіз үйдің ішкі бөлігіне арналған бұйымдар, қазақ ою-өрнектері түріндегі әр түрлі әшекейлер, сонымен қатар қазақ этносының мәдениетін бейнелейтін тұрмыстық ыдыстар. Енді бұл тарих пен қазіргі заманның синтезі.
Достық үйінде «Қазақ тілі» қоғамы 32 жыл бойы жұмыс істеп келеді және осы уақыт аралығында оның мүшелері - аға буын өкілдері жастарға қазақ халқының рухани және дәстүрлі мұраларының қаншалықты көпқырлы екендігін көрсету үшін көптеген іс-шаралар ұйымдастырды. Қоғамда сондай-ақ жиналғандардың барлығына осындай маңызды күні көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған «Дударай» шығармашылық тобы жұмыс істейді.
Іс-шара соңында қала әкімі қоғам төрағасына одан әрі табыстар мен өркендеу тілектері жазылған алғыс хатын табыстады!